Machine Vision ҚазҰУ қауіпсіздігіне күзет болады

18.03.2020

Көрулер: 3412

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың физика-техникалық кластерінің студенттері оқытудың терең нейрондық желілерін пайдалануға негізделген Machine Vision бет тану және мониторинг жүйесін әзірледі. Қазіргі уақытта университет al-Farabi Smart University кампусы жанынан осы заманауи технологияны енгізу үдерісінде.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ инновациялық стартаптар мен серпінді студенттік жобаларды белсенді қолдайды. Университет аумағында орналасқан технологиялық саябақта білім алушы студенттер үшін жұмыс орындары арнайы бөлінген. ЖОО-да ұйымдастырылатын және өтетін байқаулар олардың шығармашылық және зерттеумен айналысуына қызығушылықтарын оятуға бағытталған.

Студенттер, магистранттар және докторанттар ғылыми-технологиялық бағыттағы қолданбалы жобаларды дамыту үшін, сондай-ақ қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешу үшін өз идеялары мен әзірлемелерін ұсынуға мүмкіндігі бар.Тестілеу кезінде студенттер үйлерінде Machine Vision жүйесінің бір бөлігі ретінде бейнебақылау камералары орнатылатын болады. Аумаққа бөгде адамдар кірген жағдайда, күзетші дереу әрекет ете алатын белгі беріледі. Тестілеуден кейін жүйе университеттің барлық аумағында бақылау-өткізу пункттерінде орнатылады. Machine Vision жүйесін енгізу студенттік қалашықта қауіпсіздікті арттыруға және көбінесе бөгде адамдар жасайтын құқық бұзушылық санын қысқартуға ықпал етеді. 

Жоба бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандықтары бойынша оқитын жас ғалымдары мен студенттерінің мықты командасы жұмыс істейді. «Біз университет басшылығына біздің идеяларымызды жүзеге асыруға және біздің жүйені ЖОО қабырғасында енгізуге мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіреміз. Жоба бүкіл елді цифрландыру жолындағы маңызды қадам болатынына сенімдімін. Біздің команда сенімді ақтау үшін бар күш-жігерін салады», – деп атап өтті стартап жетекшісі Санжар Сарманбетов. 

www.kaznu.kz