"Қайырымды қоғам": ұстаздар мен шәкірттер диалогы

20.02.2020

Көрулер: 2902

Журналистика факультетінің  № 15 студенттер үйінің үлкен залында Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы күні өтті. 

Шара барысында студенттер әл-Фараби ғұламаның оқу, білім, тәрбиеге негізделген қайырымды адам  афоримздеріне флешмоб  өткізді. Жас ұрпақ бір  дауыстан әл-Фарабидің "Қайырымды қоғам" қозғалысына үн қосты. Студенттерге кітаптар сыйға тарту етілді. Кафедра оқытушылары студенттерге дастархан жайды. Дастархан басында қазақ, парсы ақындарының өлеңдері оқылды. Кеш соңында ұстаздар мен шәкірттер әл-Фарабидің ғылым, білім, этика, тәрбиеге арналған трактаттары бойынша пікір алмасты.    

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы

www.kaznu.kz