"Әл-Фараби" халықаралық олимпиадасы

27.01.2020

Көрулер: 6845

Биыл ғұлама ойшыл Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ТМД, алыс және жақын шетел және еліміздің 11-12 сынып оқушылары арасында халықаралық «Әл-Фараби» олимпиадасы басталды.  

2020 жылдың 21 қаңтарынан бастап «Әл-Фараби» олимпиадасына тіркелу және байқау тестілеу өтуде. Олимпиада үш кезеңнен тұрады. Бірінші және екінші кезең On-line режимінде www.kaznu.kz сілтемесі бойынша http://online-test.kaznu.kz сайтында өтеді. Олимпиаданың үшінші кезеңінде жеңімпаздар ҚР БҒМ-нің І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады, бұл жоғары оқу орнына түсу кезінде артықшылық құқығын береді, сондай-ақ ҚазҰУ-дің ішкі грантына ие болады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің шетелдік талапкерлері үшін университетке түсу емтихандарынан босатылып, ішкі грантты иеленуге мүмкіндік береді.

Олимпиада қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 13 жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізіледі. Қазақстандық оқушылар үшін І кезең 17-18-ақпан аралығында, ал ІІ кезең – 4-наурыз күні онлайн режимінде өткізіледі. Шетелдік оқушылар үшін І кезең 2020 жылдың 19- ақпанында өтеді.

ІІ кезең 4-ші наурызда барлық мемлекетте, бір уақытта онлайн режимінде өтеді. Қазақстандық оқушылар үшін ІІІ кезең 2020 жылдың 2-3- сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да басталады.    

Шетел оқушылары үшін ІІІ кезең әңгімелесу түрінде 27 наурызда өтеді. Толық ақпаратты біздің сайтымыздан «Оқуға түсушілерге» бөлімінен біле аласыздар.

www.kaznu.kz