Үздіктерге шәкіртақы!

05.12.2019

Көрулер: 2889

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Цой Дже Хен атындағы мемориалдық қауымдастық» шәкіртақысын табыстау рәсімі болды.

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетіндегі Қиыр Шығыс кафедрасы корейтану бөлімінің жеті студенті шәкіртақы алды. Бұл жастар үшін материалдық көмек және ынталандыру болып табылады.

Цой Дже Хен – XX ғасырдың басында Ресейдің Қиыр Шығысында жапондықтарға қарсы қозғалысқа қатысқан,   Корей түбегінің тәуелсіздігі үшін күрескен ұлттық батыр. Сыйақы студенттерді патриоттық рухта тәрбиелей отырып, олардың өлкетануға, ұлттық тарихқа деген қызығушылығына қолдау көрсетуге бағытталған. Шікіртақыларды табыстау жыл сайын өткізілетін болады. Жобаға Цой Дже Хен атындағы мемориалдық қауымдастық қаржылық қолдау көрсетеді.

Мұндай іс-шаралар Шығыс кафедрасы мен Цой Дже Хен атындағы мемориалдық қауымдастық арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға көмектеседі. Сондай-ақ Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің дамуына ықпал етеді. Шәкіртақы алған студенттерді құттықтай отырып, оқуда табыс, білімге қызығушылық және мақсаттарына жетуде табандылық тілейміз. Біз олардың алдағы уақытта өз білімдеріне сенімді жоғары білікті маман болып шығатындарына сенімдіміз.

www.kaznu.kz