Қоржынға - күміс!

09.12.2019

Көрулер: 3094

Дмитрий Баландин жүзуден Қазақстан құрамасының қоржынына екінші медаль әкелді.

АҚШ ашық чемпионаты аяқталды. Жарыстың соңғы күні командаға тағы бір, күміс медаль әкелді. Оны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Дмитрий Баландин жеңіп алды.

Спортшы 200 метр брасс қашықтығын – 2:09.71 жүзіп өтті. Дмитрий активінде – жарыстың екінші медалі. Ол 100 метр брасспен алтынды жеңіп алды.

Дмитрияді тамаша нәтижемен құттықтаймыз!

www.kaznu.kz