Атлантаның алтыны
07.12.2019
Көрулер: 3138
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Дмитрий Баландин Атлантада (АҚШ) өткен ашық чемпионатта жүзу бойынша алтын медальді жеңіп алды. Жарыс 4 желтоқсанда басталды, оған қазақстандық жүзушілер Дмитрий Баландин мен Әділбек Мусин қатысты.
Ақпараттық агенттіктердің ақпараты бойынша Дмитрий Баландин 100 метр брасспен жүзіп, бірінші болып мәреге жетті. Оның уақыты 59,36 құрады.
Құттықтаймыз!