Депутатпен кездесу

29.11.2019

Көрулер: 2760

Қараша айының 29 жұлдызында Тұңғыш Президент күнін мерекелеу аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінің студенттері Алматы қаласының мәслихат депутаты, Нұр-Отан депутаттық фракциясының орынбасары, Білім саласының құрметті қызметкері Бадаева Роза Кенесханқызымен кездесті.

Роза Кеңесханқызы өзінің құттықтау сөзінде студенттерге Қазақстан халқы Тұңғыш Президент күнін жетінші жыл атап өтетіні және бұл мереке өзге мерекелерден өзінің көп қырлылығымен ерекшеленетіні туралы айтты.

1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстандағы тұңғыш бүкіл халықтық Президент сайлауы өтіп, елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа 98,78 пайыз дауыс беру нәтижесінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті болып сайланды.

1991 жылдың 10 желтоқсанында Тұңғыш Президент Қазақ ССР-ін Қазақстан Республикасына қайта атау туралы Заңға қол қойды және осы жылдың 16 желтоқсанында Жоғарғы Кеңес Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады, ал бұл Қазақстанның егемен мемлекет болғанын білдіреді.

Ұлт Көшбасшысы, Тұңғыш Президенттің басшылығымен Қазақстанның көпұлтты халқы жаңа елді құра бастады. Бұл қиын, бірақ даңқты жол болды. Көп ұлтты Қазақстан халқы Елбасының айналасына топтасты, өйткені ол ел Президенті мәртебесіне ие бола отырып, ұлт бірлігін нығайтуды, Конституцияны, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етті.

Ел ішінде де, одан тыс жерлерде де Қазақстанның Тұңғыш Президенті күрделі саяси жағдайларда бейбітшілік пен келісімді қолдауға ерекше назар аударды.

Қазақстан халқының бастамасы бойынша Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегін тану мақсатында 1 желтоқсанда Қазақстанның көп ұлтты халқы жыл сайын атап өтетін мерекелік күн болды.

Содан кейін Роза Кеңесханқызы қатысып отырған студенттерден сұрақтар мен ұсыныстарды мұқият тыңдады. Бірде-бір сұрақ жауап пен назарсыз қалған жоқ. Көптеген студенттер өздері туралы, өз жоспарлары, мамандығы туралы және Қазақстандағы білім берудің дамуы туралы айтып берді.

Студенттер Роза Кеңесханқызы кездесуге алғысын білдіріп, келе жатқан Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, Нұр Отан партиясының депутаттық фракциясының орынбасары ретінде жемісті еңбек тіледі.

www.kaznu.kz