IV Халықаралық Түркі дүниесі деректі фильмдерінің фестивалі

17.10.2019

Көрулер: 3325

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Түркі дүниесі деректі фильмдер IV Халықаралық фестивалі қазақстандық бағдарламасының ашылуы өтті. Кинофестивальге Түркия, Қазақстан, Түркіменстан, Босния және Герцеговина, Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Венгрия, Македония, Кипр елдері жетекші серіктес-университеттерінің үздік жұмыстары қатысады. Фильмдер әлеуметтік, мәдени, рухани және қоғамдық маңызды тақырыптарды, жастар тәрбиесін қамтиды.

Халықаралық фестивальдің ашылуына кинематограф аңызы, түркі әлемінің танымал актері әрі режиссері Асанәлі Әшімов, Түркі әлемі журналистер федерациясының президенті Мендерес Демир және басқа да шетелдік құрметті қонақтар, сондай-ақ киноқұжатшылар мен фильмдердің авторлары, масс-медиа өкілдері, ЖОО студенттері қатысты.

«Жалпы түркі мұрасын сақтауға, ұлттық ерекшелікті насихаттауға және түркітілдес мемлекеттердің шығармашылық интеграциясын нығайту ісіне арналған кинофестивальді өткізу біз үшін үлкен мәртебе. Кино құжаттамасы өзекті әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар тақырыптарды көтере отырып жас ұрпақ бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды, дүниетаным және өмірлік бағыт-бағдарды дамытады», - деп атады ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев қонақтар мен іс-шара қатысушыларына арналған құттықтау сөзінде.

Бакуде өткен түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы Кеңесінің 7-ші отырысында Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәдениет, білім және жастар саясаты бағдарламаларына «Түркі келешегі - 2040» бағдарламасын қосуды атап өтті. Кинофестивальді өткізу – осы талапқа сай келетіндігін атады М. Бүркітбаев.

Кинофестивальде кинематография мэтрі Асанәлі Әшімов рухты өлең-жырларын оқып, студент жастарға игі тілегін жеткізді. «Жақсы оқыңыздар! Сонда елге пайда келтіресіздер, атақ-абырой әкелесіздер. Соған тырысыңыздар! Үлкен елдердің қатарына қосылайық. Біз ешкімнен кем емеспіз. Білімді болыңыздар. Мен сіздерді соған шақырамын!», - деді

Түркі әлемі журналистер федерациясының президенті, Кинофестиваль комитетінің төрағасы Мендерес Демир ыстық ықыласпен қарсы алған ҚазҰУ-ға ризашылыңын білдірді. «Жыл сайын кинофестиваль біздің халықты рухани жақындастыра отырып өзінің аумағын кеңейтіп келеді. Ол – мұралары бізді біріктіретін ұлы түрік ойшылы әл-Фараби жерінде өтіп жатыр. Бұл барлық адамзат үшін құнды. Әлем 2020 жылы оның 1150 жылдығын атап өтеді, осы маңызды оқиға келесі кинофестиваль тақырыбында міндетті түрде қамтылады», - деді Мендерес Демир.

Сонымен қатар ол әлем кинематографиясындағы және түркі елдерінің мәдени байланысының нығаюындағы зор үлесі үшін Асанәлі Әшімовке салтанатты түрде арнайы марапатты табыс етті.

Студенттік деректі жұмыстар байқауында финалға өткен кинолар көрсетілімі «Керемет» СҚКО кинотеатрында болды. Түркі елінен келген қонақтар ҚазҰУ кампусымен танысып, университет және әл-Фараби мұражайларын аралады, журналистика және халықаралық қатынастар факультеттерінің студенттерімен кездесті. Сондай-ақ олар бірінші курстарды студенттер қатарына қабылдау мерекесін тамашалап, студенттерге шығармашылық табыс тіледі. Түркі әлемі журналистер федерациясының президенті Мендерес Демир ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтановқа деректі кинолардың дамуына қосқан зор еңбегі үшін естелік мүсінше табыстап, кинофестивальге танытқан қолдауына алғысын жеткізді.

www.kaznu.kz