Даму екпіні

11.10.2019

Көрулер: 2954

Орталық Азия және ТМД-ның жетекші білім ордасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен әріптестік байланысты кеңейту мақсатында Чехия Республикасы Химия және технология университетінің делегациясы ҚазҰУ-ға келді.

Кездесуде ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев университеттің ғылыми жетістіктері және жоғары рейтингі жайлы, материалдық-техникалық базасы туралы айтты. Тараптар коллаборация жолдарын және екі университет арасындағы қызығушылықтар жайлы талқылады. Олар химиялық фармацевтика, материалтану, құрылыстық индустрия материалдары және т.б.

Айтар болсақ, чехиялық тарап студенттердің тәжірибелік қабілеттерін арттыруға мүмкіндік беретін индустрия мен өнеркәсіп саласындағы өздерінің тығыз байланыстары жайлы атап өтті. Бүгінде Химия және технология университетінде төрт мыңнан астам студент білім алады және ол Чехия Республикасындағы ең үздік жоғары оқу орындарының бірі.

Сонымен қатар, чехиялық әріптестер өздерінің университеттерінде жарық көретін ғылыми журналда мақалалар жариялауды ұсынды. Келіссөздер барысында химиялық білім беру бойынша Еуропалық бағдарламалар және Еуропалық қауымдастыққа ену жолдары талқыланды.

 

www.kaznu.kz