«Абай – Верн» бағдарламасы стипендиясының иегері

09.10.2019

Көрулер: 3104

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика-математика факультеті механика кафедрасының 2-курс магистранты Зарина Туртаева докторлық бағдарлама бойынша «Абай – Верн» бағдарламасының стипендиясын жеңіп алды.

«Абай – Верн» стипендиялық бағдарламасының қабылдау комиссиясы магистратуға 90, докторантураға он кандидатты мақұлдады. Докторантураға тапсырған 35 үміткердің тек оны стипендия иегері атанды, оның ішінде ҚазҰУ студенті З. Туртаева да бар. Ол Францияда Лотарингия университетінде «Механика және энергетика» мамандығы бойынша білімін жалғастыратын болады.

Докторлық бағдарлама бойынша жеңімпаздар 36 ай бойы ай сайын 1200 еуро көлемінде стипендия, сондай-ақ осы уақыт аралығында тегін білім алатын болады. Олар мемлекеттік жоғары оқу орындарында тіркеу жарнасын төлеуден босатылып, ұзақ мерзімді тегін визаға және студенттер жатақханаларында орындар бөлінгенде басымдыққа ие болады. 

Механика кафедрасы

www.kaznu.kz