Халықаралық студенттер фестивалі

18.09.2019

Көрулер: 3702

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Халықаралық студенттер фестивалі өтті.

Аталмыш шараны ҚазҰУ-дың Халықаралық қатынастар департаменті мен жастар комитеті ұйымдастырды. Фестивалде ҚазҰУ-дың шетелдік студенттері жиналған көпшілік қауымның назарына өздерінің ұлттық киімдері мен тағамдарын және де өз елдерінің үздік жыр-дастарын ұсынды. Сонымен қатар мерекелік шарада әр елден келген студенттер өздерінің ән-билерімен де көпшіліктің көңілінен шықты. Халықаралық студенттер фестивалінде ҚазҰУ-дың ЖОО-ға дейінгі дайындық курсынан бастап барлық факультетің студенттері белсене атсалысты. Аталмыш шара студенттердің өзара ауызбіршілігін арттыруға үлкен үлес қосады.

www.kaznu.kz