Әлем университеттері ҚазҰУ-да тоғысады

17.09.2019

Көрулер: 4281

Еліміздегі жетекші ЖОО әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде әлемдік маңызы бар ауқымды іс-шаралар басталды. Олар отандық жоғары білімнің бәсекеге қабілеттілігін және білім беру қызметтерінің экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған.

Университеттердің жаһандық саммиті аясында жоғары деңгейдегі бірқатар маңызды іс-шаралар өткізілуде:

- ҚазҰУ-дың дүниежүзі бойынша мойындалған және беделді халықаралық QS рейтинг агенттігімен бірлесіп ұйымдастырған QS World Wide «Адами мұра және жоғары технологиялар үйлесімі негізінде жетілу» тақырыбындағы әлемдік конференция мен көрме;

- Әлемнің 130-дан астам жоғары оқу орнын біріктіретін Жібек жолы университеттері Альянсы (SUN) Бас Ассамблеясының отырысы;

- Түрлі континенттердегі жетекші жоғары оқу орындары кіретін әлеуметтік жауапкершілігі бар университеттері (USRN) дүниежүзілік желісінің Work shop-ы;

- «G-Global» бастамасын қолдаудағы «2030 - тұрақты даму мақсаттарын іске асырудағы жастардың рөлі» жаһандық конгресі.

Әлемдік тәжірибеде алғаш рет бір ғана университет базасында қатысушылардың беделді құрамымен бір мезгілде бірнеше ірі халықаралық іс-шаралар өткізілуде. Оған академиялық ортаның 800-ден астам көшбасшы өкілдері - университеттердің ректорлары, 50-ден астам елдің ғалымдары мен сарапшылары қатысуда. Олар: БҰҰ, ЮНЕСКО және басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері, Microsoft, ВВС, Elsevier, Springer Nature, YODAK, AKSON сияқты әлемге белгілі компаниялар; QS «World University Rankings» халықаралық рейтингінің топ-800 кіретін университеттердің басшылары; SUN, USRN, IREG Observatory ұйымдары мен университеттерін саралау бойынша халықаралық қауымдастықтың мүшелері; ENAEE инженерлік білім берудің аккредиттеуі бойынша еуропалық желінің сарапшылары.

Олар білім, ғылым, озық технологиялар мен рухани құндылықтарды интеграциялау аясында университеттердің болашақ дамуының жаңа моделін талқылауға және әзірлеуге қатысады. Ұйымдастырушылар бір алаңда бірлесіп іс-шараларды өткізу арқылы университеттердің адам капиталын қалыптастырудағы рөлін арттыруға және жаһандық мәселелерді шешуде синергетикалық әсер ететініне сенімді.  

Әлемдік ауқымдағы іс-шараларды өткізу елдің жоғары білімінің серпінді дамуына, осы маңызды салаға инвестициялар тартуға, отандық білім берудің экспорттық әлеуетін арттыруға, Қазақстанның танылуына және оны Орталық Азия білім беру хабына айналдыруға ықпал ететін болады.

Шараның салтанатты ашылуы және делегация басшылары мен халықаралық ұйым өкілдерінің пленарлық отырысы 2019 жылдың 19 қыркүйегінде (басталуы сағ.9.30) ҚазҰУ-дың Ғылыми кітапханасында (4 қабатта) өтеді. Халықаралық шара үш күнге созылады. Бағдарламада өте мазмұнды - пленарлық отырыстар, панельдік пікірталастар, іскерлік кездесулер және ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою, әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының жетістіктері көрмесі өтеді. 

 

www.kaznu.kz