Биоырғақ және денсаулық

11.09.2019

Көрулер: 3098

Биология және биотехнология факультетінде биофизика және биомедицина кафедрасының меңгерушісі, б., профессор, Қазақстанның Жоғары Мектеп ҰҒА академигі Төлеуханов Сұлтан «Биоырғақ және денсаулық» атты тақырыпқа лидерлік дәріс өткізді.

Биылғы жылы университет тарихында алғаш рет "Биомедицина" мамандығы бойынша студенттерді қабылдау жүзеге асырылып, барлығы 76 студент қабылданды. Оның ішінде 30 студент Түрікменстан, Тәжікстан, Өзбекстан сынды шет елден келгендер.

"Биологиялық ырғақ пен денсаулық" атты дәрісі барысында хронобиология мен хрономедицинаның жетістіктері талқыланып, адам өміріндегі биологиялық ырғақтардың рөлі және адам денсаулығын сақтау мен қалпына келтіру мәселесі қаралды. Тірі жүйелер үшін денсаулықтан басқа артық жоғарғы түсінік жоқ. Аталмыш бағыт университеттің биофизика және биомедицина кафедрасының базасында алғаш рет жасалған. Кафедра Дрексель университеті (Филадельфия, США), Бен-Гуриона университеті (Израиль), М.В.Ломоносов атындағы мемлекеттік университет, Халықтар Достығы университеті және Томск сынды басқа да университеттермен тығыз байланыс орнатып, бірлесе жұмыстар атқарады.

www.kaznu.kz