15-ші Xалықаралық конференция PaCT-2019

23.08.2019

Көрулер: 3741

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында 19-23 тамыз аралығында параллельді компьютерлік технологиялар (Parallel Computing Technologies) PaCT 2019 бойынша 15-ші халықаралық конференция өтуде.

Конференцияны РҒА  Есептеу математикасы және матиматикалық геофизика институты  екі жылда бір рет серіктестермен бірлесіп ұйымдастырады. Осы жылы Конференция серіктестері  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Халықаралық бизнес университеті,   Новосибирск мемлекеттік университеті,  Новосибирск мемлекеттік техникалық университеті болып табылады. Конференция материалдары Lecture Notes and Computer Science сериясында жарияланады және Scopus және Web of Science деректер базасында индекстеледі.

Конференцияның ашылуына Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ проректоры А. К. Хикметов, UIB президенті Ахмед-Заки Д. Ж., профессор ИВМИМГ РҒА Малышкин В. Э., Springer Nature Қазақстан компаниясының өкілі Александрова И. А. қатысты.

Хикметов А. К. өткізіліп отырған конференцияның маңыздылығын атап өтті, өйткені қазіргі уақытта индустрия деректерді нақты уақытта өңдеуге мүмкіндік беретін ақпараттық технологияларды қажет етеді. Соңғы жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жоғары өнімді есептеулер бойынша ғылыми жобалар орындалуда, жоғары өнімді платформаларда міндеттерді шешуге қабілетті кадрларды даярлау жүріп жатыр.

Конференция жұмысына Австрия, Франция, Германия, Үндістан, Ирландия, Италия, Малайзия, Польша, Ресей, Қазақстан, Гонконг елдерінің жетекші ғалымдары қатысады. Конференцияда параллельді есептеу технологиялары саласындағы зерттеулер нәтижелері ұсынылған,бұл оқытушылар, докторанттар мен магистранттарға осы саладағы алдыңғы қатарлы зерттеулермен танысуға мүмкіндік береді. Конференция аясында Жастар мектебі өтеді, ол магистранттар мен студенттерге параллельді бағдарламаларды әзірлеу дағдыларын алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, конференция барысында Intel компаниясынан процессорлардың архитектурасы, бағдарламаларды оңтайландыру және параллель кітапханаларға мастер класс өткізіледі.

www.kaznu.kz