ТҮРКІСОЙ жобасы

14.08.2019

Көрулер: 4372

Түркия мен Әзірбайжаннан келген ғалымдар мен студенттер «Қорқыт атаның ұмыт қалған сөздерін жаңғырту» бағдарламасы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да болып қайтты.

Анкара университетінің (Түркия) профессоры Учлер Булдуктің пікірінше, жобаның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақты Қазақстанның киелі және туристік орындарымен таныстыру мақсатында фильм жасау, бұл Әбу Насыр әл-Фараби, Қорқыт Ата, Қожа Ахмет Яссауи, Жүсіп Баласағұн, Махмуд Қашқари сияқты және т. б. Қазақстан мен Шығыстың атақты ойшылдары мен ғалымдарының тарихи орындарына, еңбектеріне және жазбаларына деген қызығушылығын арттырады.

ҚазҰУ-ға келген кезде Кавказ университетінің (Әзірбайжан) студенті Сабыр Хусейнов жылы қарсы алып және қолдау көрсеткені үшін университетке алғысын білдірді. «ҚазҰУ – өте үлкен және керемет университет, Орталық Азиядағы ең үздік университет, мұнда қызықты адамдармен танысып, жаңа достар тапқаныма қуаныштымын. Қазақ жері біз үшін әлі толық зерттелмеген және ол өзінің киелі жерлерімен қызықты. Бұл фильм үшін өте құнды ақпарат», - деді ол.

Сондай-ақ, қонақтар осындай жобалардың арқасында болашақта Түркі елдері мен студент жастар арасында тығыз байланыс орнатылатынын атап өтті.

ТҮРКІСОЙ жобасын Түркия, Әзірбайжан, Иран, Өзбекстан университеттері, Түркіменстан Ұлттық Ғылым Академиясы қолдады. Құрамында отыз бес адам бар топ Шымкент және Түркістан қалаларына барады.

www.kaznu.kz