Оңтүстік Кореядан келген дәрігерлер тегін кеңес береді
09.08.2019
Көрулер: 3934
Оңтүстік Кореяның дәрігерлері Алматы қаласының тұрғындары мен ҚазҰУ қызметкерлері үшін қайырымдылық акциясын өткізуде.
12-14 тамыз аралығында жоғары санатты мамандар (ортопед, оториноларинголог, терапевт, инетерапевт) ҚазҰУ диагностикалық орталығында келетін барлық азаматтарға тегін кеңес береді.
Дәрігерлік кеңесті студенттерге қызмет көрсететін «Керемет» Орталығында сағат 9.30-дан 17.00-ге дейін (түскі үзіліс сағат 12.00-ден 13.00-ге дейін) кезек тәртібімен алуға болады.