«Еуразияның ғылым мен техника пионерлері» Халықаралық симпозиумы

17.07.2019

Көрулер: 3682

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ыстамбұл университетімен бірлесе отырып, ІІІ Халықаралық «Еуразияның ғылым мен техника пионерлері» симпозиумы Ыстамбұл Еуразиялық қолданбалы және ғылыми-зерттеу Фараби Орталығында өз жұмысын бастады (FAMER).

Шараға Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия, Молдова, Болгария, Ресей, Оңтүстік Корея және Үндістан елдерінен 80-нен астам ғалымдар, сарапшылар мен мамандар қатысуда.

Халықаралық симпозиумның ашылуында Стамбул университетінің ректоры профессор Махмут Ак, FAMER директоры Абдуллах Қызылжық құттықтау сөз сөйледі. Пленарлық отырыста Түрік әлемдік зерттеулер қорының өкілі Ибрахим Акыш, Ыстамбұл университеті әдебиет факультетінің деканы, профессор Хаяти Девели, Түркияның Еуропа Кеңесі Ұлттық делегациясының мүшесі Фатим Генч пен тағы да басқа тұлғалардың баяндамалары тыңдалды.

Үш күнге созылатын симпозиум бағдарламасында пленарлық отырыс, Еуразиялық кеңістіктің тарих және филология ғылымын дамыту мәселелері бойынша арнайы секциялар мен дөңгелек үстелдердің жұмысы, сондай-ақ кездесулер, түркі халықтарының мәдениет орталығы мен Ыстамбулдың тарихи және мәдени көрнекті орындарына бару жоспарланған.

Осы жылы симпозиум аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдарының қатысуымен екі ірі іс-шара өткізіледі. Стамбул университетінің қазіргі түркі тілдері кафедрасының профессоры Ораз Сапашевтің ұйымдастыруымен белгілі ғалым Сәрсенбай Аманжоловтың 85-жылдығына арналған жыл сайынғы Халықаралық Аманжолов оқулары өтеді. Сондай-ақ, ҚазҰУ-дың тарих факультетінің деканы профессор Меңдігүл Ноғайбаеваның жетекшілігімен «Орта Азия тарихи зерттеулері» атты дөңгелек үстел өтеді.

«Жылдан жылға елдердің географиясы мен симпозиумға қатысушылардың құрамы кеңейіп келеді. Келесі жылы біз оны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен бірлесіп Ұлы Түркі ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабиді оның туғанына 1150 жыл толуына орай әртүрлі елдердің 100-ден астам ғылыми қоғам өкілдерінің қатысуымен өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді FAMER директоры Абдуллах Қызылжық.

«Жаһандану әлеуметіндегі түркілерді діни сәйкестендіру» іргелі жобалық зерттеу аясында «Ислам контекстіндегі Түркі әлемі» атты бірінші халықаралық симпозиум 2017 жылы шілде айында өтті. Осы жылы халықаралық іс-шара ірі түрік шығыстанушы, профессор Фуат Сезгинді еске алуға арналған. «Еуразияның шығыстану және түркітану зерттеулері» атты екінші симпозиум 2018 жылдың жазында өтті.

 

www.kaznu.kz