ҚазҰУ әскери кафедрасында студенттердің оқу жиыны өткізілуде

26.06.2019

Көрулер: 3482

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасында запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасына сәйкес 27 мамыр мен 29 маусым аралығында толық оқу курсынан өткен студенттермен оқу жиыны өткізілуде.

Биыл оқу-жаттығу жиынына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасында келесі әскери-есептік мамандықтар бойынша оқитын студенттер тартылады: Құрлықтағы әскерлердің ӘШҚ әскерлерінің офицерлері, мотоатқыштар бөлімшелерінің командирлері, тәрбие құрылымдарының офицерлері, әскери заңгерлер, әскери психологтар, әскери журналистер және дене шынықтыру дайындығы мен спортты ұйымдастыру бойынша офицерлер.

Жиын барысында 18-21 маусым аралығында Құрлық әскерлері Әскери институтының полигонында курсанттар атыс қаруынан оқ ату жаттығуларын орындады, Құрлық әскерлері ӘШҚ әскерлері үшін запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша оқитын курсанттар ЗУ-23 зениттік қондырғысынан жауынгерлік атыстарды орындады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқу ісі жөніндегі проректоры Хикметов Асқар Кусупбекұлы атыс дайындығы бойынша сабақтар өткізуге қатысты.

Жиын барысында әскери-патриоттық және мәдени-демалыс іс-шараларының ауқымды бағдарламасы өткізіледі, олар: әскери-техникалық викториналар, дебат-турнирлер, тақырыптық кештер, психологиялық тренингтер, Қарулы Күштер ардагерлерімен кездесулер, спорттық мереке, оқу сап және ән байқау-конкурсымен аяқталады. Байқау барысында. студенттер жақсы сап түзеп, үйлесімділікті көрсетті. Студенттер взводының көрсетілімдік бөлімінде қатысушыларға қарумен саптық тәсілдер, қоян-қолтық ұрыс және заманауи музыкаға арналған дене жаттығуларының кешені көрсетілді.

 www.kaznu.kz