ҚазҰУ ғалымдарының зерттеулері жетекші ғылыми журналда жарық көрді

21.06.2019

Көрулер: 3684

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың физика-химиялық зерттеу және талдау әдістері орталығы қызметкерлерінің мақаласы халықаралық танымал Trends in Environmental Analytical Chemistry ғылыми журналына жарияланды.

Аталмыш мақала А. Жақыпбекова, Н. Байматова және Б. Кенесовтың бірлесіп жасаған еңбектерінің нәтижесі. «A critical review of vacuum-assisted headspace solid-phase microextraction for environmental analysis» («Экологиялық талдауға арналған вакууммен қамтамасыз етілген бассейіннің қатты фазалық микоэкстракциясының сыни шолуы») атты мақаланың Web of Science деректер базасында индекстелетін аналитикалық химия саласындағы ең күшті журналдардың ішінде бірінші ширекке кіретін  және 4,462 импакт-факторына ие болған Trends in Environmental Analytical Chemistry халықаралық ғылыми журналында жарық көруі үлкен жетістік болып саналады. Мақаланың толық нұсқасын 2019 жылдың 25 маусымына дейін https://authors.elsevier.com/a/1Z1Wg7tSG5vfDe сілтемесінен оқуға  болады.

Жарияланған шолу экологиялық талдау үшін парофаздық вакуумды қатты фазалы микоэкстракция (Вак-ПТМФЭ) әдісін қолданудың негізгі жетістіктері мен мәселелеріне және  перспективаларына арналған. Экологиялық сараптаманың үлгісін дайындауда ең танымал және перспективті әдістерінің бірі болып табылатын ПТМФЭ-мен салыстырғанда, Вак-ПТМФЭ сынамаларды дайындау процесін едәуір қиындатпай, суда және топырақ үлгілеріндегі ұшпа және орташа ұшпа органикалық қосылыстарға арналған анықтау шектеулерін төмендетеді. Шолуда зерттеу әдісінің теориялық негіздері, талдаудың негізгі параметрлерінің әсері мен оңтайлылығы көрсетілген. Вак-ПТМФЭ әдісін дамыту ушін оны автоматтандыру өте маңызды, сондай-ақ жаңа әдістерді әзірлеу процесінде компьютерлік модельдеуді қолдану қажет екендігі көрсетілген.

Мақала «Жасыл» экологиялық мониторингтің экономикалық әдістерін, материалдар мен жабдықтарды әзірлеу» жобасы бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың  география және табиғатты пайдалану факультетінде PhD докторантураға арналған оқу бағдарламасы аясында дайындалды.

www.kaznu.kz