«Елбасы. Жастар. Жасампаздық» жобасы ашылды

23.05.2019

Көрулер: 4076

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Елбасы. Жастар. Жасампаздық» атты ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасының жылжымалы ақпараттық-имидждік жобасының салтанатты ашылуы болып өтті. Оған мемлекет және қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар, студенттер мен университет оқытушылары қатысты.  

Шара аясында ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов және Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдарының докторы Әмірхан Рақымжанов алғы сөз сөйледі. Жылжымалы ақпараттық-имидждік жоба Елбасының жасампаздық-шығармашылық идеялары мен бастамаларын танымал етуге, кең жұртшылықты көрсетуге және бірегей қорларды насихаттауға, экскурсияларды ұйымдастыру әдістерін дамытуға бағытталып, ҚР Тұңғыш президенті Н. Назарбаевтың өмірі және қызметімен таныстырады.

Шара аясында ҚазҰУ алаңында Мемлекеттік күзет Президенттік оркестрі және ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің құрметті қарауыл ротасы плац-концерт бағдарламасымен өнер көрсетті.

«Елбасы. Жастар. Жасампаздық.» жобасы аясында шара қонақтары мен студенттерге ҚазҰУ кітапханасында «Жастар – ұлт тірегі» атты ауқымды көрме ұйымдастырылды. Онда Елбасы кітапханасының мұрағат, мұражай және кітап қорынан алынған материалдар қойылды. Студенттер мен қонақтар Елбасының кездесулердегі тезистері мен қолжазбаларын, мемлекет және халықаралық ұйымдар басшыларымен жеке хат алысуларын, дипломатиялық сыйлықтарды және осы сынды бірегей сирек кездесетін мұрағаттық материалдарды тамашалады.

А. Рахымжанов айтып өткендей, көшпелі экскурсиялар Қазақстанның көптеген облыстарында және шетелде өткізіледі. Олар халыққа Елбасының өмірбаянынан қызықты фактілермен, мұрағаттық құжаттармен және Тұңғыш Президенттің қызметі туралы фотоматериалдармен танысуға мүмкіндік береді, сондай-ақ Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы қалыптасу қадамдары туралы да сыр шертеді. Айта кету керек, көшпелі экскурсиялар мұражайда сирек қойылатын экспонаттарды көруге және сүрлеуге мүмкіндік береді.

Шара соңында ҚазҰУ студенттері мен оқытушыларына жаһандық және аймақтық контекстегі жастар саясаты, Қазақстанның жастар саясаты стратегиясы тақырыбында панельдік дәріс өтті. Аудиторияның сұрақтарына жауап бере отырып, Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдарының докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов Елбасы феномені – өскелең ұрпаққа адамгершілік бағыт беретініне де баса назар аударды. Сонымен қатар, дәріс барысында Елбасы туралы «Уақытпен сайланған» деректі фильмі көрсетілді.

www.kaznu.kz