Кәсіптік бағыт-бағдар беру жұмысы

15.05.2019

Көрулер: 3678

Қиыр Шығыс кафедрасы № 95 орта мектепте орта мектептің оқушылары үшін арнайы дәріс өткізді. Дәріс барысында оқушыларға университет туралы, Шығыстану факультеті және Қиыр Шығыс кафедрасы туралы жалпы ақпарат берілді. Әсіресе тыңдаушыларды оқытылатын тілдің еліне бару мүмкіндігі туралы ақпарат қызықтырды. Лекция барысында орта мектептің оқушылары Жапония, жапон тілі және Күншығыс елінің мәдениеті туралы ақпар алды. Оқушыларі биылғы жылы ҚазҰУ-ға түсу үшін мамандықтар бойынша қандай емтихандар тапсырып, мемлекеттік білім беру грантына өту үшін қанша балл жинау керек деген сияқты сұрақтар толғандырды. Дәрістен кейін студенттер Қиыр Шығыс кафедрасы туралы брошюралармен танысты.

Қиыр Шығыс кафедрасы мектептерде кәсіптік бағыт-бағдар беруге ерекше көңіл бөледі. Аталмыш жұмысытың басты ерекшелігі - оқушыларды мамандықты саналы түрде таңдауға, орта мектептің оқушылары арасында жұмысқа деген көзқарасын қалыптастыруға көмектесу, олардың мүмкіндіктерін бағалауға үйрету. Кәсіптік бағыт-бағдар беру жұмыстарының арқасында түлектер кәсіби жоспарларын қалыптастырады.

www.kaznu.kz