Табысты жұмыс

13.05.2019

Көрулер: 3769

Таллин технологиялық университетенің профессоры, ғылым философиясының белгілі өкілі, Скопус базасына кіретін «Acta Baltica Historiae et Philosophiae Scientiarum» ғылыми журналының бас редакторы, философия және саясаттану факультеті философия кафедрасының визит-профессоры Пеэтер Мююрсепп әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі қызметін табысты аяқтауда.

Көктемгі семестр барысында ол «Қазіргі заманғы жаһандық өркениет: әлеуметтік-философиялық талдау» пәнінен ағылшын тілінде дәрістер оқып, кафедра мен факультет профессорларына, бакалаврларына, магистранттары мен докторанттарына ғылыми-теориялық және ғылыми-әдістемелік семинарлар өткізді, рейтингі жоғары журналдарда жариялауға бірнеше мақала дайындап, университеттің және Алматы қаласының ғылыми және қоғамдық шараларына белсене қатысты. Пеэтер Мююрсепп VI Фараби оқуларында баяндама жасап, «Ұлы Даланың ұлы ойшылдары» секциясының модераторы болды және әл-Фарабидің философиялық мұрасын зерттеуге арналған ғылыми жоба дайындады.

Факультет пен кафедра университетіміздегі мінсіз де жемісті қызметі үшін Пеэтер Мююрсеппке ризашылығын білдіреді және профессормен ынтымақтастықты жалғастыруды жоспарлап отыр.

Философия кафедрасы

www.kaznu.kz