Бастапқы кеңес өтті

12.02.2019

Көрулер: 3326

ҚазҰУ-да Европа және Орталық Азия аймақтарынан келген мамандардың қатысуымен «[DECIDE] мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға қызмет көрсету түрлерін дамыту» ERASMUS+ жобасының бастапқы кеңесі өтті.

Жоба инклюзивтік білім беруге, әлеуметтік интеграцияға және білім беруге ерекше қажеттілігі бар адамдармен кемсітусіз қарым-қатынасқа қол жеткізуге және оны дамытуға бағытталған. Бұл ережелер мен талаптар Болон процесінің өлшемдеріне және БҰҰ-ның мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтары туралы Конвенциясына сәйкес келеді.

Кеңес жұмысын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірінші проректоры, академик Мұхамбетқали Бүркітбаев ашты. Ол алғашқы отырыс қатысушылары алдында құттықтау сөз сөйлеп, жоғары білім және жалпы қоғамның дамуы үшін осындай маңызды жобаны табысты енгізуді тіледі. Сондай-ақ, қатысушылар алдында Қазақстандағы Эрасмус+ Ұлттық кеңсесінің өкілдері Нелли Асматуллаева мен Гүлмира Құттыбаева да сөз сөйлеп, олар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға Еуропалық Одақ жобаларына белсенді қатысқаны үшін алғыстарын білдірді. 

Эрасмус + Ұлттық кеңсесінің атынан Қазақстандағы профессор Бүркітбаев елдегі жоғары білімді реформалауға және Эрасмус+бағдарламасын дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды. Кеңес жұмысына Трансильвания университеті (Румыния), Миддлсекс университеті (Біріккен Королдік), Лимерик технологиялар институты (Ирландия), Дрезден технологиялық университеті (Германия), Крит университеті (Греция), Орталық Азия және қазақстандық жоғары оқу орындарының жоба-серіктестерінің өкілдері қатысты. Жобада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті медицина және денсаулық сақтау факультетінің эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина негіздері мен дене шынықтыру және спорт кафедралары да қатысты. Жобаның үйлестірушісі эпидемиология, биостатистика және дəлелді медицина кафедрасының доцентті м.а.Усатаева Г.М. Бастапқы кеңес іскерлік және достық жағдайда өтті. Жиын соңында ҚазҰУ кітапханасының қызметкерлері жиын қатысушыларына экскурсия өткізді.

 

www.kaznu.kz