Cтуденттер «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылады

15.02.2019

Көрулер: 3252

Қиыр Шығыс кафедрасының жапонтану бөлімінің 1 курс студенттері куратор-эдвайзердің жетекшілігімен елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылауға арналған кураторлық сағатқа қатысты. Кураторлық сағат барысында мақала өзектілігі және халқымыздың мәдениеті мен тарихы мақтан етуге тұрарлық үлкен байлық екенін, мұндай баға жетпес тарихы бар мемлекетімізді әрбір Қазақстан азаматы мақтан тұтуы тиіс жайында ой толғанды. Студенттер өз ойларын еркін жеткізіп мақала мазмұнын толық талқылады.

Президент өз мақаласында ұлттық тарихымыз жөнінде тереңірек тоқталып, оның күрмеулі тұстарын кеңінен тарқата айтты.Ол ұлы дала мен онда тұрған халықтың тарихын, салт-дәстүрі мен өмір сүру қалпын баяндап, Қазақ елінің ұлттық жетістіктерін паш етті.Мақалада барша қазақстандықтарға ел болашағы үшін, жалпыұлттық бағдарламаға айналып отырған Рухани даму арқылы, Ұлы дала мәдениетінің көп ғасырлық мұрасының цифрлық өркениет жағдайында түсінікті әрі сұранысқа ие болуын қамтамасыз ету және оны жаңғырту міндеті ұсынылып отыр.Бүгінгі қазақ ұрпағы осы тарихи деректер мен шындықтарды бойына сіңіріп қана қоймай, оның әр бөлшегін қастерлеуі, бағалауы, мақтан тұтуы керек. 

«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы бір жарым жыл бұрын жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының заңды жалғасы болып табылатыны,  тарихи тың деректер  студент жастарға түсіндіріліп, жан-жақты талқыланды.   

www.kaznu.kz