ҚазҰУ-да философтар бас қосты

07.02.2019

Көрулер: 3469

Әл-Фараби кітапханасында философия ғылымдарының докторы, профессор, философия кафедрасының меңгерушісі Г. Нұрышеваның 60 жылдығына арналған «Ұлы Даланың жеті қыры және қазақ философиясының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияға шетелдік және отандық белгілі философ ғалымдар қатысып, «Ұлы даланың жеті қыры және қазақ философиясы мен мәдениетін зерттеудің өзекті мәселелері», «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт және түркі әлемінің генезисі», «Ұлы даланың ұлы есімдері», «Рухани жаңғыру» және «Қазіргі заманғы гуманитарлық ғылымдардың маңызды мәселелері» секцияларында баяндамалар жасады және оларды белгілі ғалым Г. Нұрышеваның ғылыми-шығармашылығымен байланыстыра талдады.

Қазақ философиясының дамуына қомақты үлес қосқан, еліміздің білім беру кеңістігінде кеңінен қолданылып жүрген монографиялар мен оқулықтардың, онлайн курстардың, «Қазақ тіліндегі 100 оқулық» жобасы аясында ағылшын тілінен аударылған кітаптардың авторын ҚР Президентінің Әкімшілігі, Қазақстандық Философиялық Конгресс, Философия, саясаттану және дінтану институты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан-Британ техникалық университеті, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, С. Торайғыров атынағы Павлодар мемлекеттік университеттері және тағы басқа жоғары оқу орындары, шетелдік ғалымдар, кафедраның «Қоғамдық келісім», Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы, Kazarian Art Center сияқты жұмыс беруші және тәжірибелер базалары ретіндегі серіктестері, «Философия» мамандығының студенттері, магистранттары мен докторанттары құттықтап, қазақтың көрнекті ғалым қызының тұлғалық және қайраткерлік қасиеттерін ерекше атап көрсетті.

www.kaznu.kz


  

    

Философия кафедрасы