Грант ұтып алды
22.01.2019
Көрулер: 3644
Механика кафедрасының түлегі Сейдулла Бексұлтан MIT – дың грантын ұтып алды.
ҚазҰУ-дың механика және математика факультетінің түлегі Сейдулла Бексұлтан Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының «Мамандар мен магистранттарға арналған әлемнің ең үздік зертханаларында ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасы» байқауына қатысып, грант ұтып алды. Бұл грант Бексұлтанға жазда Бостонға барып, АҚШ және әлемдегі ең беделді техникалық оқу орындарының бірі Массачусетс технологиялық институтының медико-биологиялық зертханасында жазғы тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді.