Медициналық орталық құру ұсынылды

16.01.2019

Көрулер: 3187

ҚазҰУ ректоры Алматы қаласындағы №1 ауруханада Оңтүстік Кореяның медициналық орталығын құруды ұсынды. Бұл туралы Ғалым Мұтанов Корея Республикасының Бас консулы Ким Хынг Сумен кездесуі барысында айтты.

Кездесуді ашқан ректор «Корея Республикасы Қазақстанның стратегиялық әріптесі және оның даму қарқыны тереңдеу деңгейіне көтерілді. Бүгінде университет Кореяның көптеген ЖОО тығыз байланыс орнатып, ҚазҰУ мен корей университеттері арасындағы ынтымақтастық саласы күннен-күнге артуда. Атап айтар болсақ, халықаралық білім беру бағдарламалары, студент алмасу, оқытушы-профессорлар құрамының біліктілігін арттыру магистранттар мен докторанттардың тағылымдамадан өтуі сынды көптеген бағыттар тұрақты негізде ұйымдастырылып келеді. 2014 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың қатысуымен Енсэ университеті жанындағы Кангнам Северанс ауруханасымен бірлесе ҚазҰУ-дың диагностикалық орталығы ашылған болатын. Осы ретте келесі аптада ҚазҰУ-ға Северанс клиникасының президенті Ли Бен Сок бастаған «Енсэ» университетінің делегация құрамы келу жоспарлануда. Келетін делегация өкілдерімен біз Алматы қаласындағы №1 аурухана қызметінің бірлескен жұмыстарын талқылайтын боламыз. Бүгінде біздің университетімізде  №1 аурухана яғни, клиникалық база бар.  Бұл жобаны Елбасының өзі тікелей қолдап, клиника өз кезегінде Оңтүстік Кореяның үздік мамандарымен тәжірибе алмасып, медицина саласын қарқынды дамытуға үлкен мүмкіндік ашпақ», – деді ректор.  

Корея Республикасының Бас консулы Ким Хынг Су «ҚазҰУ Кореяның көптеген жоғары оқу орындарымен орнатқан білім ғылым саласындағы қарым-қатынасы, корейлер қауымдастығы, Қазақстанның Орталық Азиядағы ядродан азат мемлекет ретінде және басқа да әртүрлі бағыттары бізді үнемі байланыстырады деп атап өтті. Сондай-ақ ол ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтановтың Алматыда Оңтүстік Кореяның медициналық орталығын құру туралы ұсынған жобасына қызығушылық танытып, қажет болса келесі апта келетін кореялық делегация құрамында болып қолдау көрсетуге дайындығын жеткізді.

Баспасөз қызметі

www.kaznu.kz