Жылдамдық пен ептілік шеберлері

10.01.2019

Көрулер: 238

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары мен қызметкерлері арасындағы дәстүрлі «Денсаулық» атты 47-ші спартакиадасының кезекті күні бадминтон және үстел теннисі жарыстарына арналды. Онда химия және химиялық технология, механика-математика және халықаралық қатынастар факультеті өзара күш сынасты. Бадминтон бойынша жеке сынақта бірінші орынды химия және химиялық технология факультетінің ғылыми хатшысы Алина Галеева иеленді. Жарыстың бас төрешісі Наталья Таганова атап өткеніндей, «спорттық жарыс кезінде жеңімпаз ширақ қимылдау арқылы өзінің барлық шеберлігін көрсетіп, басқа қатысушы-қарсыластарымен салыстырғанда көп ұпай жинап алды».

Екінші орынды механика-математика факультетінің өкілі, аға оқытушы Алпамыс Уаисов иеленді. Үстел теннисі бойынша физика-техникалық факультетінің инженері Н. С. Дробышев және механика-математика факультеті кафедрасының жетекші маманы Қарлығаш Ыдырысова үздік ойыншылар болып атанып алға шықты. Командалық есепте үшінші орынды халықаралық қатынастар факультетінің командасы иеленді.

www.kaznu.kz