ҚазҰУ-да спорт ойындарынан жарыс басталды

04.01.2019

Көрулер: 3074

ҚазҰУ-да салауатты өмір салтын насихаттауға арналған «Денсаулық» атты әртүрлі спорт түрінен дәстүрлі факультет аралық ойындар жарысы басталды.  

Дәстүрлі спорттық шараға факультет қызметкерлері, докторанттар, штаттық оқытушылардан құралған құрама командалар қатысады. Жарыс университеттің спорт залында өтеді. Бағдарламада келесідей спорт түрлері: шахмат, мини-футбол, волейбол, (ерлер мен әйелдер арасында), үстел теннисі, бадминтон, дартс және тоғызқұмалақ бар.

Қазіргі уақытта бадминтон сайысы бойынша жалпыкомандалық 1-орынды химия және химиялық технология факультеті, 2-орынды механика-математика факультеті, 3-орынды физика-техникалық факультеті иеленді. Үстел теннисі бойынша 1 орын механика-математика, 2-орын химия және химиялық технология, 3-орын халықаралық қатынастар факультетіне бұйырды. Бадминтон және үстел теннисі ойындар жарысында Галеева Алина, Уаисов А., Дробышев Н., Идирисова Қарлығаш үздік ойыншылар деп танылды. Жарыс соңында басқа да спорт түрлерінен жүлдегерлер мен жеңімпаздар анықталып, оларға «Парасат» кәсіподақ ұйымының тиісті дәрежедегі дипломдары мен естелік кубогы табыс етіледі. Естеріңізге салайық дәстүрлі түрде өтетін ойындар жарысы 12 қаңтарға дейін жалғасатын болады.

 

«Парасат» кәсіподағы 

www.kaznu.kz