«Желтоқсан рухы - Тәуелсіздіктің туы»

14.12.2018

Көрулер: 3022

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінгің заң факультеті кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы 2018 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған «Желтоқсан рухы - Тәуелсіздіктің туы» атты плакаттардың республикалық конкурсының қорытындысын шығарды. Конкурсқа әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті және Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының студенттері қатысты. Қазылар алқасының шешімімен байқау жеңімпазы ҚазҰУ-дың заң факультетінің 206 оқу тобы болды. Студенттердің жасаған плакаттың мазмұнында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың Жеті қыры» мақаласы мен тәуелсіз Қазақстанның жеті қырын айқындайтын бейнелер кескінделген: ұлттық тарихымыздың уақыты мен кеңістігі, салт-дәстүр мәдениеті, ежелгі металлургия, аң стилі, алтын адам, түркі әлемінің бесігі, Ұлы жібек жолы мен отандық алма мен қызғалдақтар.

Екінші және үшінші орындарға І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті және Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы студенттерінің плакаттары лайықты деп табылды.

www.kaznu.kz