ҚазҰУ ғалымы Италия жұлдызын иеленді

10.12.2018

Көрулер: 3620

Италияның президенті Серджо Маттарелла әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының меңгерушісі Ермек Чукубаевты «Италия жұлдызы» орденімен марапаттады.

Бұл жоғары мемлекеттік марапатты Италия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Паскуале Д’Авино Университеттің Ғылыми кеңесінде Қазақстан мен Италияның ғылым және білім саласындағы қарым-қатынастарын нығайтуға, сондай-ақ Италия мәдениеті мен тілін танымал етуге қосқан орасан зор үлесі үшін табыстады.

Орденді табыстай отырып, Елші Ермек Чукубаевтың ғалым ретінде, Италияның тарихы мен мәдениетін зерттеуге үлкен үлес қосуда екендігін атап өтті. Оның жетекшілігімен ҚазҰУ-да Романдық зерттеу орталығы ашылып, сәтті жұмыс атқаруда. Орталықтың қызметі қазақстандық және итальяндық ғалымдар арасында жемісті ынтымақтастықты дамытуға және бірлескен ғылыми жобалар мен академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асыруға бағытталған.

www.kaznu.kz