ҚазҰУ оқытушылары үздіктер қатарында

06.12.2018

Көрулер: 3469

Қиыр Шығыс кафедрасының аға оқытушысы Самал Кадикова Токио қаласындағы Халықаралық жапон тілі институтында тағылымдамадан өтті.  Онда ол әлемнің түпкір-түпірінен келген сегіз жеңімпаз-стипендиаттар қатысқан бес апталық "Training Program for Teachers of the Japanese Language on a Specific Theme" атты бағдарламаға қатысты.

Аталмыш тағылымдамада Қазақстанмен қатар жеңімпаз Ресей, Мексика, Вьетнам, Индонезия елдерінің  теориясы мен әдістері туралы кеңінен айтылып, жетекші профессорлардан көптеген тың ақпараттар айтылды. "Ең креативті" жобалардың бірін ұсынған ҚазҰУ-ды халықаралық жапон қоры оқытудың жоғары сапасын  көрсетіп келе жатқан университет ретінде ерекше атап өтті.

Жапон қоры 1972 жылы құрылған ірі үкіметтік ұйым болып табылады. Қор, Жапонияның Сыртқы істер министрлігінің басқаруымен жұмыс істейді. Ұйымның мақсаты мәдени алмасуды ілгерілету, шетелдерде жапон тілін оқыту мен жапонтану және зияткерлік алмасуды дамыту болып табылады. Қордың стипендиялық бағдарламасының арқасында ҚазҰУ-да жапонтанудың даму деңгейі айтарлықтай артты.

Қиыр шығыс кафедрасы

www.kaznu.kz