Хусеин жырлары қазақ тілінде сөйледі

06.12.2018

Көрулер: 257

ript>X-NONEript>

ҚазҰУ-да ХХ ғасыр басындағы Әзербайжан Республикасының көрнекті тұлғасы, ақын, драматург Хусеин Жәуидтің қазақ тіліндегі өлеңдер жинағының тұсаукесер рәсімі болып өтті.  

Салтанатты шараға ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтанов, Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Маммадов Рашад, Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының академигі Теймур Керимли, белгілі қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, әзербайжан диаспорасының өкілдері және оқытушылар мен студенттер қатысты.

Тұсаукесерді ашқан Ғалым Мұтанов Қазақстан мен Әзірбайжанның достық қарым-қатынасының жоғары деңгейін атап өтті. "Екі ел арасындағы ынтымақтастық көптеген салаларда соның ішінде ғылыми-білім беру бағытында қарқынды дамып келеді. Бізді ортақ түркі тарихы мен мәдениеті біріктіреді. ҚазҰУ-да әзірбайжан мәдени орталығы ашылды. Бұл тамыры бір достас елдердің тарихын, салт-дәстүрін оқып жүрген студенттер мен оқытушылар үшін байланыстың нығайа түскенін көрсетеді", - деді ректор.  

Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Рашад Маммадов ҚазҰУ басшылығы мен ұжымына кітаптың тұсаукесерін ұйымдастырғанына алғыс білдіріп, Хусеин Жәуид шығармашылығының әзірбайжандар үшін ғана емес, түркі әлемінің халықтары үшін де маңызы  туралы айтты. "Қазақстандықтар Әзірбайжанның үздік және әлемге танымал ақындарының шығармашылығымен жақынырақ танысуға тамаша мүмкіндік алды. Бұл екі бауырлас халықты байланыстыратын тағы бір рухани жіп", - деді елші. Сондай-ақ ол елшіліктің көмегімен әзірбайжан тіліне Абайдың еңбектері аударылғанын, ал Бакуде оның атымен Қазақстанның мәдениеті мен тарихи зерттеу орталығы ашылғанын атап өтті.

Академик Теймур Керимли жиналғандарды Гусеин Жәуидтің шығармашылығы, оның бай ішкі әлемі және терең философиялық ойларымен таныстырды. "Ақын, лирик және философтың өлеңдері әлемнің көптеген тілдеріне аударылған, енді қазақ тілінде жарық көргеніне өте қуаныштымын", - деді академик. Жылы достық лебізде өткен шарада ҚазҰУ студенттері ұлы ақынның қазақ және әзербайжан тіліндегі шығармаларын орындады.  

Баспасөз қызметі

www.kaznu.kz