ҚазҰУ профессоры «Жыл адамы – Алтын Адам» сыйлығын иеленді

04.12.2018

Көрулер: 287

Плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының профессоры Ғабдуллин Маратбек «Жыл адамы – Алтын Адам» номинациясымен марапатталды.

Жыл сайынғы он тоғызыншы марапаттау рәсімінде «Жыл адамы» жобасының жүлдегерлеріне – «Алтын Адам» мүсіні, «Қоғамдық тану» және «№1 Жыл таңдауы» құрмет медальдары табыс етілді.

Еңбегі, батырлығы, таланты және жан-жақты жомарттығы біздің Отанымыздың нағыз игілігін құрайтын қазақстандықтардың есімдері жарияланды.

"Жыл адамы – Алтын Адам" ұлттық сыйлығын тапсыру бірнеше номинациялар бойынша өтті. Соның ішінде "Кәсіби жетістіктері үшін", "Елеулі үлесі үшін" және т.б. "Ғылым қайраткері" номинациясында физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор, "2014 жылдың үздік оқытушысы" атағының иегері, әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласында 2015 жылғы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ғабдуллин Маратбек марапатталды.

М.Ғабдуллин 400-ден астам мақаланың авторы, оның ішінде 54-і Халықаралық Web of Science деректер қорына енгізілген журналдарда, 12 инновациялық патенті бар, индекс-хиршасы – 8.

www.kaznu.kz