Ұлы даланың поэзиясы Чонбук Университетінде

04.12.2018

Көрулер: 2867

Чонджу қаласындағы, Чонбук Ұлттық Университетінің (Корея Республикасы) қабырғасында Олжас Сүлейменовтің қазақ поэзиясы шырқалды. ҚазҰУ-дың Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушылары Чонджу қаласындағы Чонбук Ұлттық университетіне шақырылып, халықаралық Корей зерттеулеріне арналған «ХХІ ғасырдағы корейлік зерттеулердегі серпілістер мен сын-ескертпелер» атты халықаралық конференцияға қатысты. Халықаралық конференцияға жиырма үш елдің ғалымдары мен мамандары қатысты, ал қазақстандық корейтануды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ таныстырды.

Аға оқытушы Ақерке Абаган «Method and Characteristics of Kazakh Translation of Korean Phrases (Focusing on Korean Drama Translations)» атты баяндама жасады. Ал «жас ғалымдар» секциясында оқытушы Бағжан Сермухаметова «Comparative Analysis Modern Korean and Kazakh Poetry (Based on the Works of Poetry Kim Sovol and O. Suleymenov)» тақырыбындағы зерттеу нәтижелерін баяндады. Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушылар құрамы корейтану бойынша зерттеулер нәтижелерімен таныстырды. Оқылған баяндамалар конференцияға қатысушылар арасында қызығушылыққа ие болып, кеңінен талқыланды. National Research Foundation модераторы мен сарапшылары жұмысты жоғары бағалады.

Қиыр Шығыс кафедрасы

www.kaznu.kz