Елші сағаты

19.11.2018

Көрулер: 3652

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетіне Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Имтиаз Ахмад Кази мырза арнайы келді.

Сонымен қатар құрметті қонақтар қатарында Алматыдағы Пәкістан Ислам Республикасының Өкілдігінің консулы Басит Салим Шах, Пәкістан Ұлттық Банкінің Басқарма Төрағасы Рафик Мухаммад мырза болды.

Мәртебелі қонақтарды шығыстану факультетінің деканы Ықтияр Палтөре мырза арнайы қабылдап, шығыстану факультетінің тыныс-тіршілігімен жақыннан таныстырды. Факультеттегі ғылыми орталықтарды, кафедраларды, «Шығыс музейін» аралап көрсетті. Сондай-ақ урду, хинди тілдерін үйреніп жатқан студенттермен және де факультеттің оқытушы-профессорлар құрамымен кездесіп, «Елші сағатын» өткізді.

Кездесу барысында  Орта Азия елдеріндегі саяси жағдайға деген көзқарасын, Пәкістан мен Қазақстан арасындағы келісім және де екі ел арасындағы келешектегі қызметтестік үрдісі жайлы көзқарасын білуге мүмкіндік алды, Елші студенттердің сұрақтарына жауап беріп, студент жастарды жан-жақты білім алуға шақырды. Келешекте жоғары білікті маман бола алатындықтарына зор сенім білдірді.

 

Шығыстану факультеті

www.kaznu.kz