Экономика саласындағы мамандарға кәсіби этикалық тәрбие беру

14.11.2018

Көрулер: 3006

Экономика және бизнес жоғары мектебі барлықтарыңызды 2018 жылдың 22 қарашасында сағат 15.00 өтетін «Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында экономика саласындағы мамандарға кәсіби этикалық тәрбие беру» («Айналаңды нұрландыр» жобасына сәйкес) тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысуға шақырады.

Дөңгелек үстелдің мақсаты - болашақ мамандарға кәсіби этикалық тәрбие беру мәселелерін талқылау, пікір алмасу, тәжірибемен бөлісу, тығыз байланыстар орнату, қосымша мүмкіндіктерді іздестіру және ерекше маңызды мәселелерді талқылауға арналады.

Өткізу орны: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы 71, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, ЭжБЖМ 201 мәжіліс залы.