Жапондық профессорлар ҚазҰУ-да

06.11.2018

Көрулер: 3426

ҚазҰУ ұстаздары мен студенттері Жапонияның Шимане және Коучи университеттерінен келген профессорлармен кездесті.  

Кездесу барысында университет профессоры Иошиxиро ҚазҰУ студенттеріне Шимане университетінде білім алудағы мүмкіншіліктерін атап, университетіндегі сан-алуан мазмұнда өтетін студенттік өмірдің қыр-сырымен таныстырды.

ҚазҰУ-ға екінші рет ат басын бұрған Коучи университетінің профессоры Иноуе Коучи университетінің білім беру жүйесі мен оқыту үдерісіне жан-жақты тоқталды. Коучи университетінен келіп бізде білім алып жатқан студент Иноуе де өзінің университеті жайлы және оның айрықша тұстарын атап айтты. Кездесу аясында Жапония университеттері мен ҚазҰУ арасындағы ынтымақтастық бағыттары кеңінен талқыға салынып, Шығыс кафедрасының меңгерушісі Ем Наталья Коучи университетінің прфессоры Иноуеге екі университет арасындағы ынтымақтастық орнатуға қосқан үлесі үшін арнайы алғыс xат табыстады.

Қиыр Шығыс кафедрасы

www.kaznu.kz