Дүниежүзілік қалалар күні аталып өтті

30.10.2018

Көрулер: 3154

Дүниежүзілік қалалар күніне орай ҚазҰУ-да"Дүниежүзілік қалалар күнін мерекелеу: тұрақты даму және өміршең қалалар мүддесіндегі серіктестік" тақырыбында халықаралық семинар өтті.

Семинардың басты мақсаты – Пан Ги Мун атындағы тұрақтылық бойынша институты және Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Жаһандық ғылыми ықпал ету орталығы, БҰҰ Жаңа Жібек жолы моделімен, "Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа" бағдарламасы, тұрақтылық мәселелері бойынша UNESCO Chair және "журналистік клубтың Альма-матері", Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан қалалар дамуының жаңа күн тәртібін орындауға әлем қалаларының мәселелеріне назар аудару болып табылады.

Биылғы жылы БҰҰ таңдаған дүниежүзілік қалалар күнінің тақырыбы жаһандық даму және әлеуметтік мәселе ретінде урбанизацияға назар аударуға бағытталған.

Сөз алған ҚазҰУ-дың бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев "БҰҰ-ның бұл бастамасы біздің қалаларымызда жаңа формацияларды дамыту үшін үлкен әлеуетке ие. Соның ішінде жаңа қызметтерге және жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізуді қамтамасыз ету арқылы адам ресурстарын барынша жұмылдыру қажет", - деп атап өтті. Сондай-ақ ол аталмыш бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстың маңызды аспектісіне тоқталып, "Al-Farabi university smart city" жобасын дамыту бойынша ҚР ҰҒА академигі дүниежүзілік өнер және Ғылым Академиясының (The World Academy of Art and Science) мүшесі, ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов БҰҰ Өркениеттер Альянсының Жаһандық форумында көтерген тақырыпқа назар аударды.

Шараға БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб пәтерінен БҰҰ-ның қоғамдық ақпарат департаментінің ақпараттық-насихаттау қызметі бөлімінде және UNAI жаһандық желісінің басшысы болып табылатын директордың серіктестік және қоғамның қатысуы мәселелері жөніндегі орынбасары Раму Дамодаран сөз алып, Әл-Фарабидің рухани-адамгершілік құндылықтары мен мейірімді қоғам құрудың бейбіт жолы бойынша БҰҰ-ның бастамасын ілгерілетуде маңызды рөл атқарғанын атап өтті.

Пан Ги Мун атындағы Тұрақты даму институтының директоры Рафис Абазовтың айтуынша, «Ақылды қалаларды дамыту бойынша жобалардың негізі шығыс ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің «Қайырымды қоғам» идеясынан алынды. Бүгінде студенттер бұл идеяны жалғастырушы. Семинарда талқыланған өзекті мәселелер бойынша біз қаланы жақсарту бойынша жобаларды ұсыну бойынша шешім қабылдайтынымызға сенімдімін", – деді профессор Р. Абазов.

Аталмыш семинарға Алматы қаласының жоғары оқу орындарының басшылығы мен студенттері қатысып, олар ақылды және тұрақты қалалардың концепцияларын, сол концепцияға жаңа тәсілдерді, цифрландыру, жасанды интеллекті дамыту және әлеуметтік медианы әлемдегі дамушы елдерде, яғни Қазақстан мен Орталық Азия аймағындағы қалаларды басқаруға одан әрі ықпалдастыру салдарын кеңінен талқыға салды. Шара соңында ұйымдастырушылар белсенді қатысушыларға алғыс білдірді.

 

www.kaznu.kz