QS: ҚазҰУ Шығыс Еуропа және Орталық Азиядағы 20 үздік университеттер қатарына енді

31.10.2018

Көрулер: 714

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық QS (Quacquarelli Symonds) рейтингісінде Шығыс Еуропа және Орталық Азиядағы 20 үздік университеттер қатарына енген Қазақстан ЖОО арасында бірінші білім ордасы атанып, әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігінде жоғары бәсекеге қабілеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Рейтинг сауалнамаларында университеттер тарапынан жүргізілген академиялық зерттеулердің саны және әлемдік беделі ескерілді.

Рейтингте ҚазҰУ 19-шы орынды иемденді. Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның үздік 300 жоғары оқу орындарының қатарына қазақстандық 25 ЖОО ғана енді.

https://www.topuniversities.com/university-rankings/eeca-rankings/2019

www.kaznu.kz