AICT2018 конференциясы өтеді

17.10.2018

Көрулер: 3247

18 қазанда ҚазҰУ-да ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолданудағы XII Халықаралық конференция (AICT2018) өтеді.

IEEE – электротехника және электроника инженерлері институтының қолдауымен өтетін конференция Алматы қаласындағы ЖОО-да 19 қазанға дейін жалғасатын болады.

AICT2018 негізгі мақсаты ғылыми зерттеулер мен эксперименттердің нәтижелерін талқылау платформасын ұсынуды көздейді.

AICT2018 конференциясының тақырыбы келесі секцияларға бөлінген:

-          Үлкен мәліметтерді (Big Data) қолдану және басқару;

-          Мәліметтерді өндіру (Data Mining) және ақпараттық инженерия;

-          Жоғары өнімді есептеулер және машиналық оқыту;

-          Кибер‑қауіпсіздік мәселелері;

-          АҚТ қолданудағы ең жаңа беталыстар;

-          Коммуникациялар, желілер және жабдықтама;

-          Бизнес, басқару және экономикадағы АҚТ;

-          Зерттеулер және оқытудағы АҚТ;

-          Медицина және денсаулық сақтаудағы АҚТ;

-          Жанармай‑энергетика өнеркәсібіндегі АҚТ.

Барлық қабылданған мақалалар IEEE Xplore ғылыми деректер қорында жарияланып, Scopus және Web of Science ғылыми деректер қорларында индекстеледі.

Қосымша ақпаратты AICT2018 ресми сайтында алуға болады http://www.aict.info/2018

Өтетін орны: ҚазҰУ кітапханасы (конференц-зал 4 қабат).