Аккредиттеу кеңесі өтті

05.10.2018

Көрулер: 3235

ҚазҰУ-да Қазақстан инженерлік білім беру қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен аккредиттеу кеңесінің кезекті отырысы өтті. Бұл шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауымен тұспа-тұс келді.

Қазақстан инженерлік білім беру қауымдастығы әртүрлі салада мамандарды дайындауда білім беру бағдарламаларын жетілдіру және стандарттау бойынша жобаларды көптеген жылдар ішінде тек Қазақстанда ғана емес Орталық Азия аймақтарында мемлекеттік және қоғамдық кәсіби ұйымдар арасында өзара байланыс орнату арқылы іске асырып келеді. KazSEE әзірлеген стандарттар Еуропалық Одақта енгізілген сапаны қамтамасыз ету жүйесінің негізін құрайды.

Сөз алған ҚазҰУ ректоры академик Ғ. Мұтанов «Бұл қадам қазақстандық инжинирингтік білім беруді әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялауда елеулі серпіліс болып табылады. Өз кезегінде бұл Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді толық орындауға және инженерлік білім беру жүйесін дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді ректор.

KAZSEE аккредиттеу кеңесінің мүшесі, педагогика ғылымдарының кандидаты Барлық Шайкенов «Жетекші елдердің аккредиттеу агенттіктерінің стандарттары білім беру бағдарламаларының жоғары сапасына кепілдік бере отырып, жұмыс берушілер мен білім беру ұйымдары мен ЖОО-ды тануға мүмкіндік береді. «KAZSEE Қазақстанға Еуропалық Одаққа біріктірілген сапа кепілдігі жүйесіне ие болуға мүмкіндік беретін ENAEE және FEANI мүшесі. Бұл арқылы отандық жоғары оқу орындарының түлектері халықаралық деңгейге ие диплом алып, Еуро Одақ елдерінде еркін жұмыс істей алады. KAZSEE институционалды аккредиттеу және білім беру бағдарламаларын аккредиттеу стандарттарын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге әрқашан дайын», - деді Б. Шайкенов.

Жиын барысында қатысушылар техника ғылымдарының докторы, академик, сейсмология институтының директоры Досым Сүлеевті бірауыздан KazSEE аккредиттеу кеңесінің төрағасы етіп сайлады.

KazSEE аккредиттеу кеңесі