ҚХР-ның құрылғанына 69 жыл

04.10.2018

Көрулер: 3711

Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Конфуций институтының ұйымдастыруымен Қытай Халық Республикасының құрылғанына 69 жыл толуына орай және әлемдік Конфуций институты күніне арналған салтанатты кеш өтті.

Кешке халықаралық бағдарламалар орталығының директоры Ж.О. Абдиман, ҚазҰУ жанындағы Конфуций институтының директоры Р.Ө. Асылбеков  Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы бас консулдың орынбасары Гуо Синьчяо, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің деканы Палтөре Ы.М., «Бірлік» Қытай ұлттық мәдени орталығының басқарма мүшесі Ню Юй Чин, Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы бас консулдығының мәдениет және оқу-ағарту ісі бойынша вице-консулы Ван Циньпин және факультет декандары қатысты.

Салтанатты кешті Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық бағдарламалар орталығының директоры Ж.О. Абдиман Қытай Халық Республикасының құрылғанына 69 жыл толуымен құттықтап, екі ел әріптестігі жөніде айтты. Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы бас консулдығыныңң орынбасары Гуо Синьчяо шығыстану факультетінде қытай тілін оқытудағы ерекшелікті атап өтіп, ұйымдастырушыларға Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы бас консулдының атынан үлкен алғыс білдірді. Сондай-ақ салтанатты кеште ҚазҰУ жастары, Халықаралық Қазақ-Қытай тіл колледжінің оқушылары мен Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері өнер көрсетті. Студенттер қазақ, қытай, ағылшын тілдерінде ән шырқап би билеп, арнайы қойылымдар көрсетті.