Ғасыр жасаған дана да дара тұлға!

24.09.2018

Көрулер: 3859

Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысының ардагері, атақты Брест қамалын қорғаушылардың бірі, тарихшы - ғалым, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ардагері Ғаббас  Жұматовтың 100 жылдығын атап өту мақсатында, «Ғасыр жасаған тұлға: ғалым, ұстаз, батыр» атты еске алу жиыны өтті.

Жиынға ҚазҰУ-дың құрметті ардагер-оқытушылары т.ғ.к., профессор Т.Қаратаев, э.ғ.д., профессор Ө.Шеденов, ардагерлер кәсіподақ кеңесінің мүшесі К. Баймишева, п.ғ.д., профессор Ж.Түрікпенұлы, Алматы қаласының, Бостандық ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Біржанов, тарих, археология және этнология факультетінің деканы М.Ноғайбаева, Қазақстан кафедрасының меңгерушісі т.ғ.д., профессор Б.Карибаев, т.ғ.д, профессор Т.Омарбеков қатысып Ғаббас Жұматов жайлы  естеліктерімен бөлісті.

Жиын барысында Ғаббас Жұматовтың өнегелі өмірі мен қызмет жолы жайында баяндамалар оқылып, арнайы бейнебаян көрсетілді. Сондай-ақ көпшілік қауымға  кітаптары таныстырылып,  фото көрме ұйымдастырылды.

Отаны үшін тайсалмастан табанды ерлік жасаған, тарихшы-ғалым, қоғам қайраткері Ғаббас Жұматұлын еске алу жиыны, тарих ғылымының жолына бет түзеген білімпаздар мен жас тарихшылар үшін маңызы зор жиын болды. Бұл – ұлыларымызды ұлықтау, олардың еңбегіне құрмет көрсету, өскелең ұрпаққа насихаттау және тұлғаларды дәріптеу жолында жасалған айтулы іс-шара екені анық.  

 

Тарих, археология және этнология факультеті