Хабарландыру

19.09.2018

Көрулер: 2561

2018 жыл Қыркүйектің 20-жұлдызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетіндегі «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың  Қазақстан халқы ассамблеясының кафедрааралық   ғылыми-білім беру (тәрбие) орталығының» ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Леонид Прокопенко мен ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов және де студенттер мен профессор-оқытушылар құрамымен кездесу болады.

Аталмыш орталықтың мақсаты әлеуметтік және қоғамдық қатынастар мен әлеуметтік және саяси тұрақтылық саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған университеттің ғылыми-білім беру және тәрбие жұмысын дамыту болып саналады.

 

Өтетін орны: Масанчи 39/47 Философия және саясаттану факультеті 123 ауд.

Өтетін уақыты: сағ: 15:00