Самбодан 3 орын иеленді

10.09.2018

Көрулер: 2174

ҚазҰУ студенті Мәскеу қаласында жасөспірімдер арасында самбодан өткен халықаралық фестивальде жүлделі орынмен оралды.

Дүбірлі додада Қазақстан, Ресей, Армения, Белоруссия және басқа да әлем елдерінен келген 17-18 жастағы 90-нан аса жасөспірімдер сынға түсті. Биыл алғаш рет Эстония, Германия елдерінен келген құрама командалар боз кілемде белдесті. Екі күнге созылған байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған ҚазҰУ студенті Зиналиев Құдайназар 81 келідегі салмақта өнер көрсетіп, жүлделі 3 орынды иеленді. Спорттың бұл түрімен 7 жастан бастап айналысқан спортшының аға бапкері Қойшыманов Файзолла. Жарыста балуандар 10 түрлі салмақ дәрежесі бойынша белдесіп, жеңімпаздар өз аймақтарының абыройын асқақтатты.

Баспасөз қызметі