Жаңа мамандықтар ашылды

08.08.2018

Көрулер: 3160

ҚазҰУ-да жаңа оқу жылы қарсаңында 11 мамандық ашылды. Бұл туралы қабылдау комиссиясының мамандары хабардар етті.

Жаңа оқу жылы бакалавриатта - 2, магистратурада - 3, докторантурада – 6 мамандық ашылды. Атап айтқанда, бакалавриатта – медицина (қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі), исламтану (философия және саясаттану). Магистратурада – жанжалтану (философия және саясаттану), электроэнергетика (физика-техникалық факультет), наноматериалдар және нанотехнологиялар (биология және биотехнология факультеті).

Докторантурада – мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау, мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету (тарих, археология және этнология), жылу энергетикасы, стандарттау және сертификация (физика-техникалық факультет), наноматериалдар және нанотехнологиялар (биология және биотехнология факультеті), информатика, есептеу техникасы және басқару (ақпараттық технологиялар факультеті). Аталған мамандықтар бойынша биыл алғаш рет талапкерлерден құжат қабылданды. Мәселен магистратурада жанжалтану мамандығына 10 грант бөлінген болса оған 14 талапкер, докторантурада стандарттау және сертификация мамандығына 3 грант, 4 талапкер және наноматериалдар және нанотехнологиялар мамандығына 20 грантты 3 факультетке бөлген, оған 41 талапкер құжат тапсырған.

Жоғары білім беру саласында ҚазҰУ мамандықтар саны ең көп білім ордасы саналады. Осыны ескерлек білім ордасына оқуға түсуге талпынатын талапкерлер саны жылдан-жылға артып келеді. Оған дәлел биылғы 6 мыңнан аса мектеп бітіруші түлек ҚазҰУ-дың білім грантын иеленді. Олардың ішінде Алтын белгі иегерлері, халықаралық, республикалық және әл-Фараби олимпиадаларының жеңімпаздары бар. Ал ақылы бөлімге қабылданудағы ең төменгі бал педагогикалық мамандықтарға 60 басқаларына 65 балды құрап отыр.

Баспасөз қызметі