Әскери кафедрада оқу жиыны науқаны басталды

27.07.2018

Көрулер: 5464

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығына сәйкес, ҚазҰУ-дың әскери кафедрасында 23 шілдеден бастап 25 тамыз аралығында запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасының толық курсын өткен студенттермен оқу жиыны өткізіледі.

Бұл жылы оқу жиынға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әскери кафедрасында әскери-есеп мамандығы бойынша оқыған студенттері шақырылады. Атап айтар болсақ құрлық әскерлерінің ӘШҚҚ әскерінің офицерлері, мотоатқыш бөлімшелерінің командирлері, тәрбие жүйесінің офицерлері, әскери заңгерлер, әскери психологтар, әскери журналистер және дене шынықтыру дайындығы мен спортты ұйымдастырушы офицерлер.

Жиын барысында курсанттар оқу атыс жаттығуларынан өтеді және де құрлық әскерлерінің ӘШҚҚ әскеріне дайындаған запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасын толық оқыған курсанттар ЗҚ-23 зениттік қондырғыдан ұрыс атыстарын орындайды.

Әскери-патриоттық және мәдени-тәрбие іс шаралардың кеңейтілген бағдарламасына тоқталар болсақ, әскери оқу орындарға бару, Қарулы күштер ардагерлерімен кездесу мен спорттық іс-шаралар  жоспарлануда.

Оқу жиынның аяқталу кезеңінде салтанатты рәсімде әскери антты қабылдау болады. 

Әскери Кафедра