ҚазҰУ – үздіктердің үздігі

11.07.2018

Көрулер: 4026

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Қазақстан-2050-Инновация және академиялық артықшылық бойынша Ұлттық рейтингісінің» көпсалалы университет санаты бойынша 1 орын иеленді.

Республикалық рейтингтік агенттік университеттің барлық классикалық миссиясын бағалады.Атап айтар болсақ академиялық және ғылыми-инновациялық қызмет, интернационалдандыру, түлектердің сұранысқа ие болуы мен интернет-ресурсы (Webometrics).

Аталмыш рейтингтің "Қазақстан-2050" стратегиясы талдау негізінде аймақтық, шетелдік және ұлттық рейтиндігі, іріктеудегі қоғамдық-кәсіби бірлестіктер тарапынан ұсынылатын жаңа тәсілдері, жоғары оқу орындарының еліміздің стратегиялық міндеттерін іске асыруға шақыру, олардың әлемдік білім беру кеңістігі мен әлемдік рейтингтерде алға жылжуына әсер етуі болып саналады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ академиялық қызмет рейтингісі бойынша 5,5; ғылыми-инновациялық қызмет 5,4; интернациолизация 2,4; түлектердің 6,4; академиялық беделі 19,5; жұмыс берушілер арасындағы бедел 29,6. Жалпы қортынды 98,4 –тен 100-ді құрайды.

Рейтингтің толық нұсқасымен Республикалық рейтинг агенттігі ҰҒА МІБ сайтынан таныс бола аласыздар. www.rraranking.com.

 

Баспасөз қызметі