Білім ынтымақтастығының бастауы

30.06.2018

Көрулер: 3564

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқу ісі жөніндегі проректоры Асқар Хикметов Ресей университеті Қазан кооперативтік институтының оқу ісі жөніндегі проректоры Юлия Валеевамен кездесті.

Кездесу барысында Асқар Хикметов қонақтарға университет қызметімен егжей-тегжейлі таныстырып, көптеген ЖОО-лармен ынтымақтастық аясында біріккен оқу бағдарламаларын дайындау мен   ғылыми зерттеулер, оқу-ғылыми тәжірибелердің орындалу жолдарына тоқталып өтті.                                              

Өз кезегінде Қазан кооперативті институтының проректоры Юлия Валеева институт қызметінің басты бағыттарын атап өтіп болашақта Орталық Азиядағы жетекші жоғарғы оқу орны саналатын ҚазҰУ-мен ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға үлкен қызығушылықтарын білдірді. Сонымен қатар тараптар алдағы уақытта көптеген бағыттар бойынша ынтымақтастық қарым-қатынас орнату туралы талқылады. Атап айтар болсақ қосдиплом бағдарласымен қатар кәсіпкерлік бизнес, спорт сауықтыру, спорттық менеджмент, исламдық қаржыландыру, туризм бағыттары бойынша бірігіп жұмыс атқару жолдарын қарастырды. Сондай-ақ  Юлия Валеева Татарстанда ҚазҰУ-ды Қазақстандағы ең беделді оқу орны деп танитынын ерекше атап өтті.

Кездесу соңында делегация өкілдері ҚазҰУ басшылығына алғысын білдіре отырып жоғарыда аталған бағыттар бойынша алдағы уақытта нақты бір шешім қабылданып, екі жақты келісімге келетініне үмітті екенін айтты. Оған қоса аталмыш кездесу қос жоғары оқу орындары арасындаға халықаралық ғылым мен білімнің алтын көпіріне айналатын ынтымақтастықтың бастауы болатынына сенім білдірді.

 

 

Баспасөз қызметі